Қазақстан туберкулезді емдеудің тиімділігі бойынша әлемде 4-ші орында

Қазақстан туберкулезді емдеудің тиімділігі бойынша әлемде 4-ші орында. Еліміз 2020 жылға арналған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының стратегиясының мақсатты көрсеткіштеріне мерзімінен бұрын қол жеткізген. Бұл туралы ел денсаулық сақтау министрі мәлімдеді.  Ажар Ғиният эпидемиологиялық көрсеткіштердің айтарлықтай жақсаруына республикада туберкулезді анықтаудың, диагностикалаудың, емдеудің және жаңа әлемдік әдістемелерін енгізудің, туберкулезге қарсы препараттармен орталықтандырылған қамтамасыз етудің арқасында қол жеткізілді, деді.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

– Елімізде туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеудің тиімділігі әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады және 2021 жылы сезімтал туберкулезбен ауыратын науқастардың арасында 85,9%-ды, ДДҰ стандартында – 85%-ды және дәрілік тұрақтылықта - 80,2% - ды, ДДҰ стандартында - 75%-ды құрады.

Жалпы соңғы 20 жылда Қазақстанда туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 4 еседен астамға, өлім-жітім – 15,5 есеге төмендеген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша, әлемде жыл сайын 10 млн-ға жуық адам туберкулезбен ауырып, 1,5 млн адам қайтыс болады.