Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ресейге барады

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ресейге барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. Сапар бағдарламасына сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев 10 ақпанда Мәскеуде Ресей басшысымен келіссөз жүргізеді. Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты стратегиялық серіктестіктің даму басымдықтары, Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық ынтымақтастық мәселелері мен өзекті халықаралық мәселелер талқыланады. Сондай-ақ 11 ақпан күні Мемлекет басшысы Қазан қаласында Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен кездесіп, республикадағы бірқатар ірі өнеркәсіптік кәсіпорынды аралайды деп жоспарланған.