ҚР Парламенті Конституцияға өзгерістерді қабылдады

Парламент депутаттары қос палатаның бірлескен отырысында еліміздің Конституциясына өзгерістерді қабылдады. Заң жобасына Президенттің мандатына қайта сайлану мүмкіндігінсіз жеті жылдық мерзімге бір рет сайлану нормасы енді. Депутаттардың айтуынша, бұл биліктің монополиялану қаупін төмендетіп, елдегі саяси тұрақтылықты нығайтады. Тағы бір түзету Президенттің өкілеттік мерзіміне және оның қайта сайлануын шектеуге қатысты елдің Ата Заңы ережелерінің өзгермейтіндігін көздейді. Осылайша, болашақта бұл норма ел Конституциясының ажырамас бөлігіне айналып, ол қайта қаралмайтын болады. Сондай-ақ, заң жобасында бас шаһардың атауын Нұр-Сұлтаннан Астанаға ауыстыру қарастырылды. Үшіншіден, Конституциялық Соттың судьялары қайта тағайындалуына шектеу қоя отырып, Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімдерін 8 жылға дейін ұзартылды. Құжат Мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы:

– Біз бүгін еліміздің болашағын айқындайтын мемлекеттік құрылымды жаңаша қалыптастыратын өте маңызды шешім қабылдадық. Қазақстан жаңа саяси дәуірге қадам басқалы тұр. Біз сол ұзақ жолдың алғашқы қадамын бастадық. Бұған дейін бүкіл халықтық референдум арқылы қабылданған конституциялық реформа саяси жаңғырудың негізін қалады. Ал бүгінгі қабылданған шешім сол реформалардың нүктесін қойып, мемлекетіміздің жаңа саяси моделіне көшуіне жол ашады.