Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Қазақстан достық және өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған бейбіт әрі ашық сыртқы саясат жүргізеді. Бұл туралы Ақордада бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдау рәсімінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарының Елшісі Дэниел Розенблюмді, Сьерра-Леоне Елшісі Мохамед Йонгавоны және Молдова Елшісі Лилиан Дарийді Қазақстандағы ресми миссияларының басталуымен құттықтап, олар өздерінің кәсіби тәжірибелерімен және қажырлы еңбегімен екіжақты ынтымақтастықты дамытуға үлес қосатынына сенім білдірді.