Қостанайлық шебер алтын бесік жасады

Қостанайлық шебер алтын бесік жасады

Нағыз алтын бесік. Әдеттегіден әлдеқайда жеңіл әрі әсем. Қостанайлық шебер Серікбай Оспанов баланың ағаш төсегін ерекшелеп жасауды жөн көрген. Алдағы уақытта қолөнерші бесіктің құрастырмалы түрін жасап көрмек.

Серікбай Оспанов, ақын, қолөнер шебері:

- Біздің ата-бабамыз жылтыраған алтын, керемет дүниелерінің бәрін бесікке тағады екен. Ғұлама ғалым Әлкей Марғұланның бір еңбегінде осы жайлы айтылған, сол есімде қалса керек. Сондай-ақ алтын экологиялық тұрғыда өте таза, сыртқа ештеңе бөлмейді.

Серікбай Оспанов ағаштан түрлі бұйым жасаумен 40 жылға жуық айналысып келеді. Негізінен домбыра мен бесік әзірлейді. Шебер әр туындысына ерекше бір мазмұн беруге тырысады.