Еліміз 2035 жылға қарай атом энергетикасының үлесін 12% жеткізуге ниетті

Еліміз 2035 жылға қарай атом энергетикасының үлесін 12% жеткізуге ниетті

Қазақстанда 2035 жылға қарай өндірілетін бар электр қуатының 12% атом энергетикасының үлесіне тиісілі болуы мүмкін. Бұл мақсатта жиынтық қуаты 2,4 гВт болатын АЭС салу қарастырылып отыр. Базалық генерацияның жаңа көзі тұтынушылардың қуат көзіне қатысты тапшылығын жауып, қажеттілікті толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Яғни отандық энергия жүйесін тәуелсіз етеді. «Қазақстанда атом энергетикасын дамыту үшін барлық алғышарт пен әлеует жеткілікті», – дейді мамандар. Өндірілетін табиғи уран көлемі бойынша әлемде көш бастап тұрмыз. Оны изотопты байыту бойынша қызметтер қолжетімді. Былтыр ғана Үлбі металлургия зауытының базасында Қытай еліне дайын ядролық отын шығаратын зауыт ашылды. Қазір саланы жетілдіру қамында кешенді зерттеу жұмыстары қолға алынып жатыр.

Жаслан Қасенов, ҚР Энергетика министрлігі атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры:

- Қазіргі таңда Қазақстанның табиғи-климаттық факторлары мен АЭС-тің қоршаған ортаға ықтимал әсерін негізге ала отырып, атом энергетикасын дамыту жөніндегі зерттеулер жүргізіліп жатыр. 6 бірдей әлемдік ядролық технологияларды жеткізушінің ұсыныстары белсенді түрде зерттелуде. Бұл – америкалық, америкалық-жапониялық, кореялық, ресейлік және франциялық технологиялар. Осы бағыттағы зерттеу жұмыстары реакторлардың қауіпсіздігі, сондай-ақ АЭС салынатын орын, реактордың қуаты және құны бойынша жүргізілуде.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов