Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшылары жалпыхалықтық референдум өткізу туралы айтты

Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшылары жалпыхалықтық референдум өткізу туралы айтты

Елде жүйелі демократиялық қайта құруды жүргізудегі табандылықты айқын көрсететін батыл саяси қадам. Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшылары Президенттің референдум өткізу туралы бастамасын осылай деп бағалады. Арман Тоқтышақовтың айтуынша, бұл бастама ең алдымен, қазақстандықтардың үкімет пен мемлекетке деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстанда референдум соңғы рет 1995 жылы өткенін айта кеткен жөн. Сол уақыттан бері негізгі заңға өзгерістер мен түзетулер халықтың атсалысуынсыз енгізіліп келді.

Арман Тоқтышақов, әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:

– Бұл кең таралған халықаралық тәжірибе. Ол біздің Конституциямызда бар. Ал оның бұған дейін қолданылмай келгендігі басқа мәселе.

Мемлекет басшысы 16 наурызда өзінің халыққа үндеуінде елдің басты Заңына өзгерістер енгізу қажеттігі туралы мәлімдеді. Оның 33 бабына 56 түзету енгізіледі деп күтілуде.

Арман Тоқтышақов, әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:

– Президенттің өкілеттігі қысқартылады, тиісінше  парламенттің рөлі, мәслихаттың, жергілікті басқару органдарының рөлі күшейтіледі. Сонымен қатар, маңызды түзетудің бірі  – қазір жердің иесі халық болып табылады. Егер бұрын Конституцияда жердің иесі мемлекет екендігі айтылған болса, қазір халық. Тағы бір маңызды бастама-құқық қорғау блогының күшеюі, бұл жерде Конституциялық Кеңестің, конституциялық соттың трансформациясы, адам құқықтары жөніндегі өкілеттіктердің күшеюі және басқа да бірқатар өзгерістерге басымдық беріліп отыр.

Айта кетейік, ҚХА-ның өткен 31-сессиясында Президент референдум өткізу әрбір қазақстандыққа «ел тағдырында орын алатын оқиғаларға тікелей қатысуға», «жан-жақты демократияландыру» бағытын нығайтуға және «жаңа Қазақстанды» құруға мүмкіндік беретінін мәлім еткен еді.