Павлодар өңірінен қимақ-қыпшақ дәуіріне жататын қорғандардағы қазба жұмыстары

Павлодар өңірінен қимақ-қыпшақ дәуіріне жататын қорғандардағы қазба жұмыстары

Павлодар ғалымдары облыс орталығына жақын жерден бірнеше қорған  тапты. Биылғы археологиялық маусымда қорымдар қатар зерттеліп жатыр. Мамандардың пайымдауынша, қимақ-қыпшақ дәуіріне жатады. Осы кезеңдерге тиесілі тарихи ескерткіштер 9-10 ғасырларда пайда болған деген болжам бар. Мамандардың айтуынша, бұған дейін дәл осы жерде жібек матасының қиындысы табылған. Яғни, мұнда бай-дәулетті адамдар жерленуі мүмкін.

Елена Тушева, археолог:

– Көшпелілердің сәулет өнері туралы мағлұмат тым аз. Бұл олқылықтың орны осындай қорғандарды зеттеу арқылы толады. Қимақ қалаларын ұзақ жылдар бойы зерттеп келеміз. Алайда, тек некропльдер табылып жатыр. Бұл көшпенділер шаһары болуы мүмкін.

Ғалымдардың айтуынша, қорғандардың ішінде сәулеттік нысандар болуы мүмкін. Қазба жұмыстарының екінші кезеңі, топырақтың сазды бөлігін зерттеу. Әзірге кірпіштердің қалдықтары табылды. Көне ескеркіштер тоналса да, тарих үшін өзектілігін жоғалтпайды. Бұл іске оқушылар мен тарихшылар атсалысуда.

Ерасыл Қажатолла, оқушы:

– Біз экспедиция барысында қыпшақ қорғанын зерттеу барысындамыз. Жалпы, өте қызықты. Археология, яғни, туризммен қатты байланыспаса да, өте қызықты. Біз бүгінгіге дейін Баянауыл, Екібастұз және Павлодар қаласы бойынша зерттеп шықты.