Қазақстан Пәкістанға гуманитарлық көмек көрсетеді

Қазақстан Пәкістанға гуманитарлық көмек көрсетеді

Қазақстан Пәкістанға қолдау көрсетеді. Ел Үкіметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ислам Республикасына 400 мың доллар көлемінде гуманитарлық көмек жібереді. Ол көптеген адам өліміне әкеп соққан нөсер жаңбыр мен су тасқыны салдарын жоюға жұмсалмақ. Ресми мәлімет бойынша, Пәкістанда табиғи апаттан 1030-дан аса адам қаза болды, сондай-ақ тұрғын үйлер мен инфрақұрылым қирады. Шамамен 35 млн адам баспанасыз және азық-түліксіз қалды. Еске салайық, Пәкістан Премьер-Министрі Шахбаз Шариф халықаралық қауымдастықтан көмек сұрады.