Қазақстанда биыл 7 кен орны алғаш рет мемлекет меншігіне өтті

Қазақстанда биыл 7 кен орыны алғаш рет мемлекет меншігіне өтті.  Жалпы қазіргі таңда еліміздегі 104 аумақта жер қойнауын геологиялық зерттеу жұмыстары белсенді жүргізілуде, деп хабарлайды Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі. Мақсат  сирек кезігетін және бағалы металдар шоғырын тауып, жаңа кеніштер ашу. Бұл бағыттағы жұмыс нәтижесіз емес.  8 ай бойы жүргізілген барлау жұмыстарының нәтижесінде пайдалы қазбалар қоры толыға түскен. Мәселен, алтын – 45 тонна; мыс – 25 мың тонна; мырыш – 215 мың тонна, мұнай-шамамен 15 миллион тонна және газдың 6,8 млрд текше метрі анықталған. Сондай-ақ министрлік резервтік кен орындарының аумағын бекіту және ондағы қордың көлемін анықтау бойынша да жұмысты   аяқтады. Осылайша, жер қойнауын пайдалануға жарамды тағы 661 мың шаршы шақырым аумақ белгілі болған.