Қазақстан ТМД арасында қысқы демалыс үшін қолайлы үздік бес елдің көшін бастады

Қазақстан ТМД аумағындағы қысқы демалыс үшін қолайлы үздік елдер бестігінде көш бастады. Елге келген сырт ел азаматтары көбіне Астана мен Алматы қалаларына аялдайды. Сондай-ақ, саяхатшылардың таңдауы Алматы мен еліміздің шығысындағы тау шаңғы базаларына жиі түседі екен. Табиғаты көркем «Бурабай» Ұлттық паркі де шетелдік меймандар үшін аса тартымды туристік аймақтардың бірі. «Турстат» Достастық елдері кеңістігінде танымал демалыс орындарының рейтингін құрды. Сарапшылардың бағалауына сәйкес үздік бестікке Қазақстанмен қатар Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Армения кіріп отыр. Бұндай баға қауырт кезеңде демалуға қолайлы туристік инфроқұрылымы бар саяхатшылар арасында танымал орындардың негізінде жасалды.