Қазақстанда 2030 жылға дейінгі топ 25 мамандық анықталды

Қазақстанда алдағы 7 жылға сұраныста болатын 25 мамандық белгілі болды. Рейтингті Еңбек ресурстарын дамыту орталығының мамандары дайындаған. Оның айтуынша, ең «қажетті» мамандықтардың қатарында мұғалім, есепші, күзетші, инкассатор және соған байланысты кәсіптер, дүкен сатушылары және олардың көмекшілері болды. Мұндай қорытындыны Орталық сарапшылары 2023-30 жылдарға арналған кадрларға қажеттіліктің орта мерзімді болжамы негізінде анықтады. Сонымен қатар мамандардың пікірінше, ең аз сұранысқа ие мамандықтар қатарында кітапханашы, сот кеңсесінің қызметкері, корректор, қолөнершілер, сондай-ақ, жеке тұтыну үшін өнім өндіретін ауылшаруашылық фермерлері болуы мүмкін. Орталықтың келтірген болжамына сәйкес жоғарыда аталған барлық мамандарға сұраныс 2030 жылға дейін шамамен 10,5 мың адамды құрайды.

Александра Молчановская, еңбек ресурстарын дамыту орталығының басқарушы директоры:

-2030 жылға дейінгі кадрлар қажеттілігінің орта мерзімді болжамы демографиялық үлгіні пайдалана отырып, макроэкономикалық модель негізінде дайындалды. Жұмыспен қамту статистикасы, сондай-ақ, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы және министрліктердің даму жоспары қолданылады. Бұл мәліметтер мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру үшін пайдаланылады, өйткені бұл 7 жылға арналған болжам. Білім беру ұйымдарында оқыту мерзімі 2-4 жыл. Яғни осы уақыт аралығында сұранысқа ие мамандықтарды дайындауға, алмастыруға уақыт бар.