«Болашақ» халықаралық стипендиясына құжат қабылдау басталды

Қазақстандықтар барлығы 4 кезеңде өтінім бере алады, деп хабарлайды халықаралық бағдарламалар орталығынан. Екінші кезең – сәуір, одан кейін 5 маусым мен шілде аралығында, соңғысы шілде айының ортасынан  қыркүйекке дейін жүргізіледі. Өтінімдер Egov.kz мемлекеттік қызметтер порталында қабылданады. Айта кетейін, биыл магистратура және резидентураға - 395, докторантураға - 50, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді. Отандастырымыз әлемнің 27 елінде 230-дан астам жоғары оқу орнында білімін шыңдай алады. Ал, 262-сі басым мамандықтар тізбесіне кірді.