Экспортерлерге тауар жеткізу төлемдері ұлғайтылады

Бұл өндіріс өнімдеріне қатысты болмақ. Құжатты «Ашық» НҚА порталында еліміздің Сауда және интеграция министрлігі жариялады. Шара жүктерді жеткізуді ұйымдастыру және оларды автомобиль, теміржол, әуе, сондай-ақ теңіз көліктерімен тасымалдау бойынша қызметтерге ақы төлеу шығындарына бағытталған. Осылайша, өтінім берілген жылдың алдындағы жылы қайтарылған қосылған құн салығы сомасын шегере отырып төленген шығындардың 100% 80% және 50% мөлшерін құрайды. Ереженің қазіргі нұсқасында бұл көрсеткіш 80%, 50% және 30%-ке тең.