Президент халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздарын марапаттады
Ақордада халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздары мен жүлдегерлері
марапатталды. Мемлекет басшысы білім додаларында топ жарып, алтын, күміс және
қола медаль иеленген жастарға 1500, 1000 және 500 айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде қаржылай сыйақы сертификаттарын табыстады. Іс-шараға 24 лауреат
қатысты. Оқушылар химия, математика, физика, география, информатика және
биология пәндерінен үздік нәтиже көрсеткен.

