Президент қала әкімінің жұмысын оң бағалады

Президент қала әкімінің жұмысын оң бағалады

Президент Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің жұмысын оң бағалады. Бас шаһардың басшысын қабылдап, есебін тыңдаған Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы одан әрі дамыту туралы тапсырмалар берді. Қаланың экономикалық көрсеткіштері жақсы. Жыл басынан бері 588 миллиард теңге инвестиция тартылған. Бұл былтырғыдан 9 пайыз жоғары. Олардың арасында өңдеу өнеркәсібі, білім, медицина, көлік, сауда, логистика салаларына қатысты жобалар бар. Соңғы жылдары Астанада 44 мектеп салынған. Ал жаңа оқу жылында 12 білім ошағы ашылады. Сонымен қатар 2 оқушылар сарайын және 6 балабақшаны ел игілігіне беру жоспарланып отыр. Алдағы 2 жылда 2 перинаталды орталық, көпбейінді аурухана және диагностикалық кешеннің құрылысы бітеді.

Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі:

- Қаланың инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымы, Smart City жобасының іске асырылуы туралы баяндалды. 2026 жылы 173 аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандыру, 1,1 миллион түп жасыл желек егу көзделген.