Президент Қазақстан халқын Бірлік мерекесімен құттықтады

Президент Қазақстан халқын Бірлік мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын бірлік мерекесімен құттықтады. Президент кең байтақ жерімізде түрлі этнос өкілдері өзара келісімде, тату-тәтті өмір сүріп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толғанына назар аударды. Ассамблея азаматтарымыздың өзара құрметі мен ырысты ынтымағына сүйеніп, ұлтты ұйыстыруға елеулі үлес қосып келеді. «Біз жұрт болып жұмыла білсек, кез-келген сынақты еңсеріп, биік белестерді бағындырамыз. Ұлтымыздың арман-мұраты – Әділетті әрі қуатты Қазақстанды бірге құрамыз», - деп жазылған президент құттықтауында.  ¤