Президент «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Президент «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Кейінгі екі жылда «Қазпошта» бюджетке 45 миллиард теңге салық және баж алымдарын төледі. Бұл туралы компанияның басқарма төрағасы Әсел Жанасова мемлекет басшысының қабылдауында айтты. Оның сөзінше, «Қазпошта» Дүниежүзілік пошта одағының рейтингісі бойынша алғаш рет ең үздік елулікке енген. Пошта арқылы жөнелтілімдердің көлемі 26 пайызға өскен. Атап айтқанда, 20 миллионға жеткен, соның ішінде 9 миллионы халықаралық сәлемдеме. Қазір HomePost жобасы аясында үй жанындағы дүкендер аумағында тапсырыстарды беруге арналған 180 пункт ашылған. Биыл олардың саны 1 мыңға жетеді. YTO Express компаниясымен ынтымақтастық шеңберінде пошталық инфрақұрылымды жаңғыртуға 50 миллион доллар инвестиция тартылған.