Президент Қытай Коммунистік партиясының өкілін қабылдады

Президент Қытай Коммунистік партиясының өкілін қабылдады

Біз Қытаймен қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз. Бүгін Мемлекет басшысы Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті Халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі Лю Цзяньчаоны қабылдап, осылай деді. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында Президент қазақ-қытай стратегиялық серіктестігі қарқынды дамып келе жатқанын және болашақта да осы бағыттан айнымайтынын атап өткен. Бұдан бөлек сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту жолдары да талқыланды. Өз кезегінде Лю Цзяньчао Мемлекет басшысына Төраға Си Цзиньпиннің ыстық ықыласын жеткізіп, Қытай  да Қазақстанды сенімді стратегиялық маңызды серіктес санайтынын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев маусым айында екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысу үшін Астанаға келетін Си Цзиньпиннің сапары барысында стратегиялық серіктестіктің жаңа мүмкіндіктері айқындалатынына сенім білдірді.