Коңыр-Әулие үңгірі

Бұл қасиетті жер туралы деректер тым тереңде жатыр. Мұнда алғашқы ғылыми зерттеулер XX ғасырдың басында жүргізілген. Тіпті Мұхтар Әуезов  «Абай жолы» романында осы жерді сөз еткен. Орыс географиялық қоғамының құжаттарында да кішігірім жазба бар: «Ақтас жотасы ақ түсті әктастан тұрады және өз атауына сай: оның шыңдарының ақтығы табиғаттың  жасыл фонында алыстан-ақ көзге көрінеді. Оның артында үңгір бар...»