Қазақ пен қырғыз достығы

Қырғыз Республикасы Орталық Азиядағы мемлекет, Тянь-Шань мен Памир-Алайдың батыс және орталық бөліктерінде орналасқан. Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қытаймен шектеседі. Аумағы – 199 951 км², дүниежүзінде 85-ші орында. 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халық саны 6 636 803 адамды құрайды. Астанасы – Бішкек. Ақша бірлігі – қырғыз сомы. Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы 15 қазанда орнатылды. Қырғызстанның ең танымал таңғажайып көлі – Ыстықкөл.