Винсент Гамильтон: Қазақстандықтар - көмегін аямайтын халық

Швециядан келген Винсент Гамильтон ұшқыш болып жұмыс істейді. Астанада тұрып жатқанына бір жарым жыл болды. Ол кезекті рейстен кейін әдетте 2-3 күн ғана демалады. Сол уақытын пайдалы өткізуге тырысады. Сапардан соң қонақ үйде күні бойы жатып алмай, Елордадан бірнеше шақырымдық жерде атпен серуендейді. Далада тамақ пісіреді. Мұны жабайы табиғат аясында түсірілген халықаралық жобаға қатысқаннан кейін үйренген. Бұдан бөлек екі күн ішінде Винсент достарымен бірге коньки тебеді, садақ атады, теннис ойнайды, би сабағына қатысады. My Day in Kazakhstan бағдарламасының кейіпкері Винсент Гамильтонды қарсы алыңыздар!