Мәшһүр Жүсіптің қандай жорамалдары орындалып жатыр?

Жүсіп Көпейұлы 1858 жылы бұрынғы Қызылтау болысы, қазіргі Павлодар облысындағы Баянауыл ауданында дүниеге келген, ал «Мәшһүр» дегеніміз оның халық берген лақап аты. Ол «танымал» яки «әйгілі» дегенді білдіреді. Мәшһүр Жүсіп – ақын әрі публицист болған, ол фольклорлық материалдарды жинап, кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырмаққа Қазақстанның көптеген аудандарын аралап шыққан. Тіпті, хәкім Абайдың көптеген өлеңдері бізге Мәшһүр арқылы жетсе керек.

Ол қандай жорамалдар жасады және олар орындалды ма? Тарихи тұлғаның есімімен аталған мешіт несімен ерекше?