Словакияда «Ұлы дала рәміздері» этнографиялық көрмесі өтті

Словакияда «Ұлы дала рәміздері» этнографиялық көрмесі өтті

Айта кетейік, Шаморин қаласында ат спортынан беделді халықаралық турнир өтті. Сәйгүліктер тартысының аясында «Ұлы дала рәміздері» атты этнографиялық экспозициясы өтті. Қазақстан елшілігінің мәліметінше, Еуропадағы ең үлкен 20 тонналық ат мүсінінің етегінде дәстүрлі қазақ киіз үйі тігілді. Оның айналасында киіз басу, киіз үй тігу сынды ата кәсіпке қатысты ақпараттық стендтер қойылған. Қонақтар көшпенділердің жылқы баптау және мал шаруашылығымен байланысты қызықты деректерге қанықты. Сондай-ақ қасиетті домбыраның шығу тарихына шолу жасалды.  Қызығушылық танытқандары ұлттық аспапта ойнау шеберлігін сынап көрді.