Жеңілдетілген микрокредит алуға 5 мыңнан астам өтінім түсті

Жеңілдетілген микрокредит алуға 5 мыңнан астам өтінім түсті

Биыл қазақстандық жастарға кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру үшін 5800 жуық жеңілдетілген микрокредит беру көзделген. Бүгінде аграрлық кредиттік корпорацияға бұған ниеттілерден 5100-ден астам өтінім түскен. Қазіргі таңда 3200 тарта жоба мақұлданып, 2300 астамына несие берілді. Бұл жөнінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі 2,5% құрайтын микрокредит 21-ден 35 жасқа дейінгі жастарға өз кәсібін ашуға немесе оны кеңейтуге 5 жылдан аспайтын мерзімге беріледі. Ал, мал шаруашылығын дамытамын десеңіз қарыз 7 жылға дейін рәсімделеді. Өтінімдердің көбі Түркістан, Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Жетісу өңірлерінен түскен. Негізінен қызмет көрсету, мал және өсімдік шаруашылығы, сауда мен жеңіл өнеркәсіп салаларын қамтыған.