Ақтауда су тұщытатын зауыттың қуаты екі есе артты

Ақтауда су тұщытатын зауыттың қуаты екі есе артты

Ақтаудағы «Каспий» су тұщыту зауытының қуаты екі есе артты. Тәулігіне 20 мыңнан 40 мың текше метрге ұлғайтылды. 2014 жылдан бері Каспий суын тұшытып, оны халыққа ұсынатын зауыт Мұнайлы және Қарақия аудандарынан бөлек Ақтау қаласына су беріп отыр. Алдағы уақытта зауыт қуатын тағы 60 мың текше метрге ұлғайтуды жоспарлап отыр. Кәсіпорында 160 адам жұмыс істейді. Автоматтандырылған жүйе суды үш түрлі сүзгіден өткізеді.