Қазақстан Пәкістанға 600 автобус жеткізеді

Қазақстан Пәкістанға 600 автобус жеткізеді

Қазақстан Пәкістанға 600 дана электр автобусын сатады. Мемлекет басшысының ресми Исламабадқа сапары аясында өткен бизнес форумда осындай келісімнің бірі жасалды. Құны шашамен 108 млн доллар. Техниканың алғашқы партиясы сәуірде жіберіле бастайды. Пәкістандықтар енді Қазақстанда жиналған 2 мың автобус алуға ниетті. Оның бәрі мектеп оқушылары үшін жабдықталуы тиіс. Тапсырыс 2 жыл ішінде орындалсын деген шарт бар. Қазақстан-Пәкістан кәсіпкерлер форумына 300-ге жуық адам қатысқан. Оның 120-сы қазақстандық бизнес өкілдері.  

Айтмұхамед Алдажаров, «Qaztrade» АҚ сауда саясатын дамыту орталығының бас директоры:

- Екі елдің алыс-беріс әлеуеті зор. Шамамен 1 млрд долларға жеткізуге болады. Мұнай-газ, метталургия, машина жасау, фармацевтика, тігін, ауыл шаруашылығы саласына серпін беруге болады.