Қазақстан күріш экспортын 31% арттырды

Қазақстан күріш экспортын арттырды. 2022 жылдың алты айында ол 31%-ке, яғни 22,3 млн долларға дейін өскен, деп хабарлайды QazTrade. Сарапшылардың пікірінше, отандық өнімге ресейлік сатып алушылардың сұранысы артқан. Тағы бір себеп – рубльдің өсуі. Соның есебінен қазақстандық бизнес үшін көрші елге экспорттау тиімді бола бастаған. Сауда саясатын дамыту орталығының мәліметінше, елімізде алдыңғы маусымның, яғни 2021-2022-ші жылдардағы күріш қоры тамыз айының соңына дейін жеткілікті. Ал күзде қамба жаңа өніммен толығады. Импорттық дақылды қосқанда отандық өнім қазақстандықтардың сұранысын толық қанағаттандыруға жетеді дейді мамандар.