Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерге салынған инвестиция көлемі артты

Небәрі 8 айда негізгі салымдар шамамен 106 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Finprom.kz порталы.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 6,5%-ке артық. 2021 жылдың сәйкес кезеңінде секторға бағытталған инвестиция 99,5 млрд теңгені құрады. Инвестициялардың ең көп бөлігі Астанаға тиесілі. Бұл 21 млрд теңге немесе елдегі салынған инвестицияның жалпы көлемінің шамамен 20%-і. Үздік үштікте Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары бар. Олардың әрқайсысына салынған қаражат 11 млрд-тан сәл астамды құрады. Жалпы алғанда, осы үш өңірге республикаға салынған жалпы инвестицияның 41,2%-і тиесілі. Айта кетейік, денсаулық сақтау және әлеуметтік салаға бағытталған инвестицияның үштен бірінен астамы жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етілген.