Елордада жалпы құны 620 млрд теңге тұратын халықаралық жобалар жүзеге асырылып жатыр

Елордада шетел капиталының қатысуымен бес инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Олардың жалпы құны 620 миллиард теңге. Бұл негізінен көпбейінді орталықтар мен білім нысандарының құрылысына қатысты. Осы орайда айта кетерлігі бас шаһарда былтыр халықаралық жоба аясында жеті миллиард теңгеге екі мектептің іргесі қаланды. Ал келер жылы Астанада 10 инвестициялық жобаны іске қосу көзделіп отыр. Биылдың басынан ғана қала экономикасына тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі 1млрд. доларға жеткен.