Мәжіліс ЕАЭО елдері арасында қолма-қол қаражаттың айналымына қатысты құжатты мақұлдады

Мәжіліс ЕАЭО елдері арасында қолма-қол қаражаттың айналымына қатысты құжатты мақұлдады

Мәжіліс Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қатысты заң жобасын мақұлдады. Аталған Келісімге 2021 жылғы 20 шілдеде Мәскеу қаласында қол қойылғанын айта кеткен жөн. Құжатты төменгі палата депутаттарына таныстырған Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы Министрі Ерұлан Жамаубаев келісімнің негізгі мақсаты – жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражатын Еуразиялық экономикалық одағынан шет елге өткізу бойынша ақпарат алмасу болып табылатынын атады.

Ерұлан Жамаубаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

– Ақпараттық өзара іс-қимыл ЕАЭО мүше бір мелекеттің уәкілетті құқық қорғау және кеден органдарының екінші мүше мемлекеттің жауапты органына сұрау салулары бойынша жүзеге асырылады. Амасу жолаушлардың кедендік декларацияларында және тауарлар декларацияларында жеке тұлғалар мәлімдеген ақпаратты ұсыну арқылы жүзеге асырылады. Өзара іс-қимыл жасау тәртібінде сұрау салудың мазмұны оны орындау мерзімдері, оған қол қоюға уәкілетті лауазымды тұлғалар,сондай-ақ сұрау салуды орындаудан бас тартуды мүмкіндігі сынды жағдайлар көзделеді.

Сонымен қатар, Ерұлан Жамаубаев келісімде өзара іс-қимыл және ақпарат алмасу аясында алынған деректер құпиялылығы, оны қорғау, сақтау және жою туралы нормалар қарастырылғанын да айтты.