Қазақстанға 3 елдің азаматтары визасыз келе алады

Қазақстан Үндістан, Иран және Қытай азаматтары үшін визасыз режим енгізді. Бекітілген талапқа сай шетелдіктер шекарадан кірген сәттен бастап 14 күн бойы Қазақстан аумағында еркін жүріп-тұрады, деп хабарлайды еліміздің көші-қон қызметі комитеті. Оларға іскерлік, туристік және жеке сапарларға рұқсат етіледі. Сонымен бірге, Үндістан мен Қытай тұрғындары үшін бұрын қолданыста болған 72 сағаттық арнайы транзиттік режим күшін жойды. Айта кетейік, визасыз режимде Қазақстанда болу мерзімі 6 айда 42 күннен аспауы тиіс. Оның аясында шетел азаматтарына коммерциялық қызметпен айналысуға тыйым салынады. Еске салайық, Қазақстандағы визасыз елдердің тізімін жүзге дейін жеткізу жоспарда бар.