Қазақстанда үздік 50 ғалымға сыйақы тағайындалады

Қазақстанның үздік 50 ғалымына ақшалай сыйақы беріледі. Еліміздің ғылым және жоғары білім министрлігі жыл сайынғы «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығына байқау жариялады. Басты мақсат - отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан зерттеушілерді қаржылай қолдау. Бағын сынауға ниетТілер өтінімді электронды түрде 3-ші желтоқсанға дейін ведомствоның ақпараттық жүйесі арқылы бере алады. Жеңімпаздар 6 миллион теңгеден алады. Бейінді министрліктің айтуынша, соңғы үш жылда отандық ғылымды мемлекеттік қаржыландыру көлемі 70%-ке ұлғайған.