Қазақстанда  өткен тәулікте 162 адамда коронавирус расталды

Қазақстанда  өткен тәулікте 162 адамда коронавирус расталды

Қазақстанда  коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді. Өткен тәулікте 162 адамның бойынан жұқпалы індет табылған. Тағы 38 адамға коронавирус белгілері бар пневмония диагнозы қойылды.  Денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәлімет бойынша,  қазіргі таңда 1 2 00-ден астам қазақстандық  індеттен емделуде. Оның ішінде 172 пациент стационарда ем қабылдап жатыр. Айта кету керек, қазіргі таңда әлемнің бірқатар елдері Ковидтің бесінші толқыны келгенін жарыса  жария етіп жатыр. Осыған орай маска тағу режимі қайта енгізіліп, денсаулық сақтау ұйымдары халықты коронавирусқа қарсы жаппай иммандалуға шақыруда.