БҰҰ Қазақстанда сайғақтар популяциясын қалпына келтіру туралы фильм түсірді

Республикалық биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының мәліметінше, фильмде «Алтын дала» табиғатты қорғау бастамасы баяндалады.

Ұлттық және халықаралық табиғатты қорғау ұйымдарының кең ауқымды серіктестік бағдарламасының мақсаты – бірегей дала, шөлейт және шөлді экожүйелерді сақтау және зерттеу, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тиімді желісін құру. Біздің ел бұл жұмысты Франкфурт зоологиялық қоғамымен, Фауна және Флора Интернешнлмен, Құстарды қорғау корольдік қоғамымен және басқа да бірлестіктермен ынтымақтаса атқаруда. Айта кетейік, Қазақстанда 2022 жылы киіктердің саны 1 млн 318 мың бастан асты.