Ұлытау облысының әкімі Президентке өңірдің дамуы жайында баяндады

Ұлытау облысының әкімі Президентке өңірдің дамуы жайында баяндады

Биыл Ұлытауда кем дегенде 16 жобаны іске қосу жоспарланған. Оның ішінде жартысы - өнеркәсіп және геология бағыттары бойынша, қалғандары туризм және сауда салаларында, агроөнеркәсіп кешенінде болмақ. 

Мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы облыс әкімі есеп берді. Берік Әбдіғалиұлы биыл аграрлық салада құс фабрикасын, ет өңдеу кешенін салу,  бірқатар фермерлік шаруашылықтарды іске қосу жоспарланып жатқанын айтты. 

Кездесуде өңір басшысы облыстағы жылыту маусымының және жылумен қамтамасыз ету жұмыстарының барысы және өткен жылдың қорытындылары туралы мағлұмат берді. Облыста 2023 жылы құны 10 млрд теңге болатын 3 ірі жоба жүзеге асырылды. Ал, негізгі капиталға инвестиция 14% өсіп, 210 млрд теңгеден асып жығылды.  

Берік Әбдіғалиұлы, Ұлытау облысының әкімі   

  • Биыл Жезқазған – Қызылорда тас жолының құрылысы басталады. Президент өзінің сапары кезінде бірқатар тапсырмалар берген болатын. Олардың барлығы жіті бақылауымызда. Жалпы, инвестиция тарту бойынша жұмыс бір сәтке де тоқтамайды. 700 астам жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Әлеуметтік нысандар мен 10 спорттық нысан салу жоспарлануда. «Жайлы мектеп» бағдарламасының аясында 6 мектеп салынады. Оның біреуі биыл Жезқазғанда пайдалануға беріледі.