«Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

«Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

Бүгін елімізде жойқын жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпуінің эпицентрі Шымкент қаласынан 10 шақырым қашықтықта орналасқан. Жердің тербелуі тоғыз облыста сезілді. Әбүйір болғанда зілзаладан қираған ғимарат пен жәбір шеккендер жоқ. Республикалық «Жер-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуы жиынының осындай сценариймен басталды. Құтқарушылар екі күн ішінде төтенше жағдайлар кезіндегі жедел қызметтердің өзара іс-қимылы мен үйлестірудің тәжірибелік дағдыларын пысықтайды.