Ресейлік компаниялар Қазақстанға көшіп жатыр

Ресейлік компаниялар Қазақстанға белсенді түрде көшіп жатыр. Бүгінгі таңда республикада Ресейдің қатысуымен 13 мыңнан астам кәсіпорын тіркелген. Айта кетейік, көршілес федерацияның ірі компаниялар легі үстіміздегі жылдың наурыз айынан бастап тіркелген. Сарапшылар мұны ресейлік бизнесмендердің санкциялық қысымнан аулақ болуға ұмтылуымен байланыстырады. Мамандардың божамынша, қазіргі динамика мен геосаяси дағдарысты ескерсек, ресейлік компаниялардың ағыны одан әрі жалғасады. Айта кетейік, елімізге көшіп жатқандар арасында Беларусь компаниялары да жетерлік. Бұл рейтингтің алғашқы үштігіне көршілес Өзбекстан республикаксы кіреді.