Үкімет басшысы: Қазақстан экономикасына шетелдік инвестициялар ағыны жыл сайын $25 млрд-қа жетуі тиіс

Премьер-Министр республикаға ірі корпорацияларды тартуды «Kazakh Invest» ұлттық компаниясына міндеттеген болатын. Әлихан Смайылов шетелдік инвесторлармен белсенді жұмыс істеп, тиісті мүмкіндіктерді барынша пайдалану керектігін атап өтті. Бұл үшін Үкімет тарапынан барлық жағдай жасалған. Өз кезегінде компания өткен жылы барлық дерлік көрсеткіштерді орындағанын баяндады. Ал 2022 жылы олардың қолдауымен жалпы сомасы 6 миллиард доллардан асатын 45 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ.