Қазақстан биыл сыртқы нарықтарға көмір жеткізуді 20%-ке арттырды

Бұл тікелей тас көмір ресурсына қатысты. Еnergiprom порталының дерегінше, экспорттық өсім  ақшалай тұрғыда 2,2 есені құраған. Жалпы 2022 жылдың 8 айында ел аумағынан тыс көмірдің 22 миллион тоннасы тасымалданған. Дені Ресей асты. Бұл елге қатты отынның 13 миллион тоннасы шығарылды. Басты импортерлер қатарында Қырғызстан мен Өзбекстан мемлекеттері  бар. Одан бөлек 8 миллион тоннаға жуығы өзге елдерге жөнелтілді. Осы орайда, қазақстандық көмірді пайдаланатын мемлекеттерден сұраныс былтырғыдан еселенгенін айта кеткен жөн. Қаржыға шаққанда өсім сегіз жарым есеге жетті. Яғни, отандық өнім 452 миллион долларға сатылған. Оны молынан алдыртқан елдердің көшін Щвейцария, Польша мен Кипр бастап тұр.