Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналым көлемі артты

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналым көлемі артты

Өткен жылдың өзінде еліміз көршілес Орталық Азия мемлекетіне 745 млн доллардан астам тауар экспорттады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 10,5% артық. Қазақстан Қырғызстанға көлік, көмір, алтын, телефон жеткізген. Өз кезегінде еліміз көрші республикадан 384 млн доллардың өнімін импорттады. Елімізге бағалы металдарға арналған кен және концентраттар, шыны, ұн өнімдері саудаланды.