Жылдың алғашқы тоқсанында елдің негізгі капиталына 2,74 трлн теңге инвестиция салынды

Жылдың алғашқы тоқсанында елдің негізгі капиталына 2,74 трлн теңге инвестиция салынды

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінде құйылған қаржы көлемінен 16%-ке артық. Инвестицияның дені өнеркәсіп саласына бағытталған. Оның тең жартысынан астамы құрылыс пен ғимараттарды күрделі жөндеуге жұмсалды. Жалпы негізгі капиталға салынған инвестициялар бойынша аймақтар арасында Атырау көш басында келеді. Бұл өңірге барлық салынған қаржының төрттен бірі тиесілі. Кейінгі басым үлес Алматы мен Астанаға бағытталған.