Қазақстан ғалымдары сүт сарысуынан емдік сусын жасады

Қазақстан ғалымдары сүт сарысуынан емдік сусын жасады

Қазақстандық ғалымдар емдік қасиеті бар сусын өндіру технологиясын ойлап тапты. Ол сүт сарысуынан жасалады. Елімізде дәл қазіргі уақытта тоқтаусыз жұмыс істеп тұрған 200-ге тарта сүт зауыты бар. Олардың әрқайсысы күніне 7 тоннаға дейін қалдық шығарады. Енді әзірленген технология қоршаған ортаға зиян келтірмей, сүт қалдықтарын қайта пайдалануға мүмкіндік береді. Оның үстіне адам ағзасына да шипасы мол. Аталған ноухаумен елімізідң микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығының ғалымдары 6 жылға жуық уақыт айналысқан.

Амангелді Саданов, биология ғылымдарының докторы, профессор, академик:

– Мына шартты патогенді организмді өлтіретін микробтарды таптық. Оны өлтірдік. Енді сол қалған нәрсесінің  ішінде адамға организмге пайдалы микроорганизмді қостық. Сөйттік те брожение жасап, оны ашытып, нағыз адамға сусын жасап шығардық. Оның технологиясы біздікі. Беретін закваска дейді ашытқысы біздікі. Тек олардан трубамен ағып келеді де үлкен емкостьқа салады 2,3,5 тонна. Сонымен біз брожжениесін жүргіземіз. Микробиологиялық процестердің бәрін жүргізіп, сонан кейін разлив жасап қалаға сатып жатыр.

Таза биологиялық өнімді тұрақты түрде ішіп тұрған жағдайда асқазан, ішек жолдары ауруларының алдын алады, дейді мамандар. Сарысудан жасалған сусынның тағы 4 түрін өндіріске қою қолға алынып жатыр.