«Қамқор жүрек» қорының үйіне экскурсия. Виктория Шарбону

Адамдардың көбі өз өмірін күрт өзгертуге дайын бола бермейді. Бірақ 20 жыл бұрын Виктория Шарбону Америкадағы үйін тастап, дәл осындай батыл қадам жасады. Бар мақсаты – Таразға қоныс аударып, көмекке мұқтаж балақайларға қолдан келгенше көмек көрсету болды.

Виктория – Вирджиния штатындағы Уэйнсборо қаласының тумасы. Құрбысы Элизабет Тёрнок екеуі – «Қамқор жүрек» қорының негізін қалаушылары. Бұған дейін мұхиттың арғы бетінен волонтер ретінде Қазақстанға келіп, қараусыз қалған балаларды көрген құрбылар өмірін сол бүлдіршіндірге арнауды шешеді. Содан бері ондаған баланың тағдырын тура жолға қойып, жарасын жазып, жарқын өмір сүрулеріне жол ашты және бұл іспен әрі қарай да айналыса бермек.