Нью-Йоркте Қазақстанның антиядролық тәжірибесі туралы кітаптың тұсаукесері өтті

Нью-Йоркте «Атом даласы: Қазақстан бомбадан қалай бас тартты» кітабының тұсаукесері өтті. Шара БҰҰ Бас Ассамблеясының пленарлық отырысы аясында Қазақстанның Ұйым жанындағы Тұрақты өкілдігінде ұйымдастырылды. Туынды авторы - ядролық қарусыздану саласындағы белгілі сарапшы Тоғжан Қасенова.

Кітап Семей полигонындағы ядролық сынақтарға тыйым салу тарихына және Қазақстанның КСРО ыдырағаннан кейін елде қалған ядролық қару арсеналынан бас тарту үдерісіне арналған. Кітапты алдағы уақытта қазақ тілінде шығару жоспарлануда, деп хабарлайды еліміздің Сыртқы істер министрлігі.